Дәрігер коронавирустан соң бұлшықетті қалай қалпына келтіру керектігін айтты

pxhere.com
Дәрігер жан сақтау бөлімінде бір жарым айдан кейін ер адам 30 келіге арықтаған жағдайды мысалға келтірді.

ММУ клиникасының эндокринолог дәрігері Зухра Павлова коронавирустың бұлшықеттерге әсері туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Коронавирустың ауыр түрімен ауырған және ауруханада жатқан науқастарда, көбіне айтарлықтай салмақ жоғалту байқалады. Науқас бірнеше ондаған келіге арықтап кетеді.

Дәрігер жан сақтау бөлімінде бір жарым айдан кейін ер адам 30 келіге арықтаған жағдайды мысалға келтірді.

Бұлшықетті қалпына келтіру процесі ұзақ уақытқа созылады. Ол денесін шынықтырып әдетттенген адамға да жаттығуларды шектеулі көлемнен бастау керектігін айтты, өйткені жүрек-қантамыр жүйесіне үлкен жүк түседі. Ең бастысы, жаяу жүруден және жүзуден бастаған жөн, содан соң біртіндеп жаттығулардың уақыты мен қарқынын арттыра беруге болады, - деді ол Sputnik радиосына.

Дәрігер жүректің соғысын мұқият бақылауға кеңес берді. Егер бұлшықет массасы қалпына келуі өте баяу жүрсе немесе мүлде өзгеріс болмаса, онда реабилитолог-дәрігердің көмегіне жүгіну қажет.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды