Алматыда жылу жүйелері төзімділігін сынау кезінде су атқылады

pxhere.com
Бұған дейін хабарлағанымыздай, 31 тамыздан 17 қыркүйекке дейінгі аралықта Алматы қаласының сегіз ауданының аумағында сағат 3: 00-ден 7: 00-ге дейін жылу желілерінің төзімділігі мен жұмысы сынақтан өтеді.

Алматыда Медеу ауданындағы Достық пен Жібек жолы даңғылының қиылысында жылу жүйелерін гидравликалық қысымға төзімділігін сынау кезінде су атқылады, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматының Медеу ауданындағы Достық пен Жібек жолы даңғылының қиылысында жылу жүйелерін гидравликалық қысымға төзімділігін сынау кезінде жер бетіне атқылаған су адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген жоқ. Оның температурасы +65 градустан аспады, ал сынақтарға қатысқан инженерлік-техникалық жұмысшылардың біліктлігінің арқасында жағдайды уақытында бақылауға алуға мүмкіндік туды, - деп хабарлайды "Алматы жылу желілері" ЖШС.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Бүгін таңғы сағат 6 шамасында болған жылу желісіндегі құбырдың жарылу салдары жойылды. Қазір жұмысшылар істен шыққан құбырды ауыстыра отырып, жылу магистральдық бөлігінің жұмысын қалпына келтіруде. Жарылыстың себебі - 1988 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан диаметрі 200 мм құбырдың тозуы, делінген хабарламада.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 31 тамыздан 17 қыркүйекке дейінгі аралықта Алматы қаласының сегіз ауданының аумағында сағат 3: 00-ден 7: 00-ге дейін жылу желілерінің төзімділігі мен жұмысы сынақтан өтеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды