Өскемендік әйелдің гаражынан екі тонна "самопал" шықты

ШҚО ПД баспасөз қызметі
Тексеру кезінде айыпталушының алкогольді сақтауға және сатуға рұқсаты болмағаны белгілі болды.

56 жастағы Өскемен қаласының тұрғыны гаражында алкоголь өнімдерін өндіретін цех жұмыс істеп жатқан, деп хабарлайды zakon.kz.

Тәртіп сақшылары гаражды тексеру кезінде 2 тоннаға жуық құрамында алкоголі бар, 5 литрлік және бір литрлік құтыларды тапты.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері өндіріс пен құюға қажетті заттар мен бос құтыларды қақпақтарымен қоса тәркіледі.
Тексеру кезінде айыпталушының алкогольді сақтауға және сатуға рұқсаты болмағаны белгілі болды.


Бұл факт белгіленген тәртіпте тіркелді, жиналған материалдар тиісті процессуалдық шешім қабылдау үшін уәкілетті органға жолданды, - деді ПД басшысының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды