Nur-AvtoKz көлік орталығының директоры ұсталды

zakon.kz
Nur-AvtoKz ЖШС директоры тергеу изоляторына қамалды. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Нұр-Сұлтанда Nur-AvtoKz автоорталығының директоры алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Елорда тұрғындары полицияға арызданып, компания басшылығы алдау мен сенімге қиянат жасау арқылы өз қаражаттарын иемденіп алғанын айтты.

28 жастағы серіктестік директоры автокөлік сатамын деген желеумен азаматтармен келісімшарт жасасқан, бірақ жеме-жемге келгенде арадағы келісімді орындамаған. Сонымен қатар, күдікті сату-сатып алу келісімшарттарын жасау арқылы азаматтардың көліктерін иемденген, бірақ ақшасын төлемеген. Кейіннен көлік үшінші тұлғаларға сатылып кете барған. Алаяқтық фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі.

Nur-AvtoKz ЖШС директоры тергеу изоляторына қамалды. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды