Оралда 10 жастағы қыз бала жол-көлік оқиғасынан көз жұмды

polisia.kz
Жасөспірімнің дүкеннен үйіне жалғыз қайтып келе жатқаны белгілі болды.

Оралда кәмелетке толмаған жасөспірім жол-көлік оқиғасынан көз жұмды, деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz жазғандай, 26 қазан күні сағат 10.00-де Toyota Prado автокөлігінің 47 жастағы жүргізушісі Кердері көшесі бойында 10 жасар қыз баланы қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жасөспірім түрлі жарақаттармен Орал қаласының Облыстық көпбейінді ауруханасына жеткізіліп, алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмды.

Жүргізілген медициналық куәландыру бойынша жүргізушінің масаң күйде болмағаны анықталды. Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мән-жайларды анықтау барысында жасөспірімнің дүкеннен үйіне жалғыз қайтып келе жатқаны белгілі болды. БҚО ПД Жол қозғалысының барлық қатысушыларына белгіленген жол жүру ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды