Land Cruiser мен "ГАЗ-53" жүк көлігі соғысып, бір адам көз жұмды

Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі
Тас жолда жүк көлігімен жол апаты болып, бір адам қаза тапты.

"Самара-Шымкент" тас жолында жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Toyota Land Cruiser Prado автокөлігінің жүргізушісі 47 жастағы әйел Ақтөбе қаласы жағынан Қарабұтақ кенті бағытында, "Самара-Шымкент" автожолының 937 шақырымында, Белқопа кентінің маңында жүріп, "ГАЗ-53" маркалы автокөлікпен соқтығысқан, - деп хабарлады Ақтөбе облысының ПД.

Жол апаты салдарынан Toyota Land Cruiser Prado автокөлігінің жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Марқұмның 48 жастағы күйеуі, "ГАЗ-53" автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды