Ақмола облысында 15 жастағы қыз өз-өзіне қол салды

видеодан кадр
Өте ақкөңіл, көпшіл еді.

Ақмола облысы Астрахан ауылында 15 жасар қыз өз-өзіне қол салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үйінің ауласындағы сарайда асылып тұрған жерінен тапқан, дейді "Астана" телеарнасы. Ашық-жарқын қыздың аяқ астынан мұндай әрекетке неге барғанын ешкім түсіне алар емес. Полиция тергеуді бастады.

Гүлнар Пинчук, Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің басшысы:

Аталған факт бойынша ҚР 105-бабымен "Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" сот медициналық сараптамасы тағайындалды. Тергеу жүргізілуде.

Білім басқармасының мәліметінше, жыл басынан бері ақмолалық оқушылар арасында 8 өз-өзіне қол жұмсау жағдайы болған. Сондай-ақ 21 бала суицид жасауға әрекет жасаған.

Мектеп басшылығы да 9 сынып оқушысының қазасына сене алмай отыр. Өте ақкөңіл, көпшіл еді деп еске алады мектеп директоры.

Сәуле Балабаева, Астрахан ауылы №1 жалпы орта мектебінің директоры:

Қыз көпшіл, өмірге құштар бала болып өсті. Мінезі ашық, би үйірмесіне қатысқан. Мектеп психологының айтуынша, суицидке бейімделу белгілерін көрсетпеген. Қазіргі таңда отбасына психологиялық көмек көрсетілуде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды