Қостанай облысында жол апаты болды

Zakon.kz
Жол апаты салдарынан бір адам қаза тауып, алты адам жарақат алды.

14 қараша күні түстен кейін Қостанай-Рудный тас жолының 38-шақырымында жол апаты орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Апаттың мән-жайын жедел тергеу тобы нақтылады. Kia Sportage автокөлігінің 57 жастағы жүргізушісі Қостанайдан Рудныйға келе жатып, 24 жастағы жүргізуші айдап келе жатқан Ресейде тіркеуде тұрған ВАЗ 2170 автокөлігімен жанаса соғысты, деп хабарлады Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі.

Содан кейін Kia Sportage автокөлігі қарсы жолаққа шығып, 51 жастағы жүргізуші айдап келе жатқан, Ресейде тіркеуде тұрған ВАЗ 2115 автокөлігімен соқтығысты.

Жол апаты салдарынан бір адам қаза тауып, алты адам жарақат алды.

Полиция хабарлағандай, ЖКО фактісі бойынша ҚР ҚК 345-бабымен "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды