Алматы-Бішкек тас жолында ірі жол апаты орын алды

Zakon.kz
Екі жүргізуші және өзге бір жолаушы да ауруханаға жеткізілді.

Алматы-Бішкек тас жолында ірі жол апаты орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Honda Odyssey-дің 37 жастағы жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, Mitsubishi Galant автокөлігімен соқтығысқан. Салдарынан Mitsubishi Galant автокөлігінің жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, – деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Екі жүргізуші және өзге бір жолаушы да ауруханаға жеткізілді.

ҚР ҚК 345-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды