19 жастағы бойжеткен несие алмаса да банкке қарыз боп қалды

Zakon.kz
Оқиға 2021 жылдың наурыз айында болған.

19 жастағы бойжеткен полицияға арызданып, өзінің атына несие рәсімделгенін айтқан, күдікті ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тараз полиция басқармасына 19 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, жас жігіттің алдап, оның атына несие рәсімдегенін хабарлады.

Келтірілген шығын 1 млн теңгені құрады.

Оқиға 2021 жылдың наурыз айында болған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Тараз полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері Жамбыл ауданының 23 жастағы тұрғынын ұстады. Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы, 1-бөлігі "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Жамбыл облысының ПД

Бұл қылмысты жасағаны үшін ҚР ҚК бойынша қылмыскердің мүлкі тәркіленіп, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза кесу көзделген.

Тараз
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды