Нұр-Сұлтанда қар тазалайтын көлік зейнеткер әйелді қағып, мерт қылды

Сурет: pixabay
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр

Нұр-Сұлтанда қария қар тазалап жүрген арнайы көліктің астына түсіп мерт болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

7 желтоқсанда сағат 15:45 шамасында Тілендиев көшесінің қарын тазалап жүрген арнайы техника жүргізушісі бір сәтте артқа қарай жүреді.

Жүргізуші тротуарда келе жатқан 65 жастағы әйелді байқамай қалады. Жол апаты салдарынан алған жарақаттарынан зейнеткер оқиға орнында қайтыс болды. Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Нұр-Сұлтан
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды