Степногорск тұрғыны мүгедек ағасының картасынан ақша ұрлап алған

Сурет: Zakon.kz
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Степногорск қаласында ер адам ІІ-топтағы мүгедек ағасының ақшасын ұрлап алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала полициясына жергілікті тұрғын хабарласып, ағасының картасын біреу ұрлап алғанына, одан 100 мың теңгеден астам ақша шешілгеніне шағымданды.

Карта иесі ауруханалардың бірінде емделіп жатқан. Жазылғаннан кейін шоттағы жәрдемақысын шешіп алмақшы болады. Алайда банк оның шоттында ақша жоқ екенін айтады.

Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті анықталды. Степногорск қаласының 29 жастағы тұрғыны ағасының картасының PIN-кодын білгендіктен, оны ұрлап, ақшаны жұмсап тастағанын мойындады.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды