Лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланған шенді ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Мемлекетаралық іздеу жарияланған қаржы мониторингі агенттігінің бұрынғы қызметкері ұсталды

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қаржылық мониторинг агенттігінің елордалық департаменті іздеудегі аумақтық департаменттің тергеу басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары Д.Қайырбеков ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оған қатысты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Қазіргі уақытта күдікті Нұр-Сұлтан қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Еске сала кетейік, Қаржы мониторингі агенттігі Ақмола облысының тумасы 1984 жылғы Дастанбек Қайырбековке мемлекетаралық іздеу жариялаған еді. Ведомство оның мекенжайы туралы ақпаратқа ақшалай сыйақы беруге уәде еткен болатын.

Ведомоствоның мәліметі бойынша, Қайырбековтің үстінен Қылмыстық кодекстің 362-бабы 4-тармағы 3-тармақшасы (билікті немесе лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану) бойынша іс қозғалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды