Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты – Денсаулық сақтау министрі

Сурет: primeminister.kz
Елде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны азайып келеді

Денсаулық сақтау министрі Алекцей Цой елдегі эпидемиологиялық ахуал туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің айтуынша, әлемдік рейтингте Қазақстан сырқаттану жағдайы бойынша 110-орында, өлім-жітім көрсеткіші бойынша 222 елдің ішінде 102-орында тұр.

Соңғы бір айда аурушаңдық 3,1 есеге, стационарлық және амбулаториялық жағдайда ем алып жатқан науқастар саны 1,7 есеге азайды. Инфекциялық төсек-орындар 23%, реанимациялық төсектер 20% толы. Жалпы алғанда, COVID-19 ауруының оптимистік сценарийімен келе жатырмыз.Алексей Цой

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша көптеген өңірлер және жалпы Қазақстан Республикасы «жасыл аймақта» тұр. «Сары аймақта» Нұр-сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Бүгінгі таңда 8,8 млн-нан астам адам вакцинаның бірінші компонентін алды – бұл ересек тұрғындардың 78%-ы, сондай-ақ 8,3 млн-нан астам адам немесе ересек адамдардың 73%-ы екінші компонентін алды.

Қазақстан
Цой Алексей
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды