Әскери қызметшілер бітімгершілік миссияларға қатысу мақсатында тіл үйренуде

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласындағы Қорғаныс министрлігінің бітімгершілік даярлық орталығында тіл үйренудің қарқынды дайындығы бойынша кезекті курс аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz

Қарулы Күштерден 66 әскери қызметші тіл үйрену курсын оқыды. Жарты жыл бойы оқытушылар көпұлтты ортада тиімді қызмет ету үшін жеткілікті ауызекі сөйлеу, оқу, жазу машығын дамыту мақсатында тыңдаушыларға ағылшын тілін үйретті.

Бітімгершілік даярлық орталығының бастығы полковник Бауыржан Нығметуллин әскери қызметшілерге курсты сәтті аяқтағаны туралы сертификаттар табыс етті. Ал алған білім оларға бітімгершілік миссияның міндеттерін орындауда септігі тигізерін атап өтті. Бітімгерлер бейбітшілікті қалпына келтіруді, диалог пен сенімді қалыптастыруды қолдайтын, айрықша миссияны атқарады.

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ, орталықта Францияның Қазақстандағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылған француз тілін қарқынды оқыту курсы да аяқталды. Офицерлер DELF A2 деңгейіне сәйкес қорытынды емтиханды жақсы тапсырды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды