Атырау облысында жол апаты орын алып, 11 адам зардап шекті

Сурет: Zakon.kz
Мақат ауданындағы Доссор-Құлсары тас жолында, Доссор ауылынан 18 шақырым жерде ауыр жол апаты орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz

Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметі 18 желтоқсанда екі көлік соқтығысып, салдарынан бір көліктің түтіндегенін растады.

"Мой город" порталы мәліметінше, Volkswagen Sharan мен Ravon көліктері соқтығысқан.

Оқиға орнына шұғыл жеткен төтеншеліктер көліктің отқа оранбағанын нақтылады. Жолдағы медициналық-құтқару пунктінің қызметкерлері 11 зардап шегушіні Доссор кентінің ауруханасына жеткізді. Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Оқиға орнында облыстық ТЖД-ның алты қызметкері мен екі техникасы жұмыс істеді.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды