Қазақстан Үкіметі отставкаға кетті

Сурет: primeminister.kz
Мемлекет басшысы ҚР Үкіметі туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz

Асқар Мамин басқарған ҚР Үкіметі отставкаға кетті. Енді Премьер-Министрдің міндетін уақытша Әлихан Смайылов атқаратын болады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес қаулы қабылданды:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын.

2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқару Әлихан Асханұлы Смайыловқа жүктелсін.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Айта кетейік, Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай енгізілді.

Алматы
Қазақстан
Мамин Аскар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды