Алматы қаласының комендантурасы қала тұрғындарынан жаяу жүрмеуді сұрады

Сурет: Zakon.kz
Қала көшелеріндегі жағдайға байланысты Алматы қаласының комендантурасы Алматы қаласының тұрғындарына үндеу жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz

Комендатура көлік иелерінен қала орталығын айналып өтетін бағытта жүрулерін сұрады.

Құқықтық тәртіпті және экстремизмге қарсы күресті қамтамасыз ету операциясының жалғасуына байланысты көлік иелерінен Төле би көшесін, Райымбек және Абай даңғылдарын, сондай-ақ қала орталығын айналып өтетін бағыттарды жоспарлауды сұраймыз. Алматы қаласының әскери комендатурасы

Әскери комендатура қала тұрғындарын қоғамдық орындарға барудан және жаяу жүруден бас тартуға шақырды.

Сондай-ақ қала тұрғындарын қазіргі уақытта жаяу жүруден және қоғамдық орындарға барудан бас тартуды сұраймыз. Бұл шаралар сіздің жеке қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін қажет.Алматы қаласының әскери комендатурасы

Құқық қорғау органдары жағдайды тұрақтандыру бойынша шараларды қолдануда.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды