Алматыдағы аласапыран кезінде мерт болған офицердің денесі Оралға жеткізілді

Сурет: Алматы қаласы әкімдігі
Марқұмның денесі әскери ұшақпен қала әуежайына жеткізілді. 35-ші гвардиялық десанттық-шабуыл бригадасы командирінің орынбасары Сәндібек Қайыровпен қоштасуға туыстары, әскери әріптестері мен жерлестері келді, деп хабарлайды Zakon.kz
Ол кісі біздің жауынгер жолдасымыз, офицер, өзіне сеніп тапсырылған бөлімшеге бас болған мықты адам. Ол өз өмірін қатерге тігіп, соңына дейін қауіпсіздіктің шебінде тұрды. Қазақстандықтар үшін бұл орны толмас қайғы. Ол кісінің бейнесі біздің жадымызда мәңгі сақталады. ҚР Қарулы Күштері Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары Раджан Жанысов

"Мой город " порталы хабарлағандай, өңір басшысы Ғали Есқалиев қазаға байланысты көңіл айтты.

Алдында Алматы қаласында 35-ші гвардиялық десанттық-шабуылдау бригадасы командирінің орынбасары подполковник Қайыров Сәндібек Ғалымоллаұлымен қоштасу рәсімі өткені хабарланған. Ол шабуыл жасалған қала әкімдігінің ғимаратынан әскери қызметшілерді шығарып үлгерген, бірақ өзі аман қала алмады.

Алматы әкімі марқұм БҚО тумасының отбасына пәтер беруге уәде берді.

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды