ШҚО тұрғынынан сұйық есірткі табылды

Сурет: Zakon.kz
Алтай ауданының полиция қызметкерлері Жаңа Бұқтырма кентінің 45 жастағы тұрғыны есірткі заттарын заңсыз дайындағанын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz

2021 жылдың желтоқсан айының соңында Алтай ауданының полицияcына Жаңа Бұқтырма кентінің 45 жастағы тұрғыны есірткі заттарын заңсыз дайындаумен айналысатыны туралы ақпарат келіп түскен.

Аталған ер адамның үйінің аумағында орналасқан қораны тінту барысында қоңыр түсті сұйықтығы бар шприц алынды. Сараптама қорытындысына сәйкес алынған заттың ішіндегісі «экстракциялық апиын» есірткі құралының ерітіндісі болып шыққан. Экстракциялық апиынның құрғақ қалдығының салмағы 3,0 мл, сұйықтық 0,0387 грамм болады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігі – есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, өңдеу, сақтау бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясымен 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу түріндегі жаза көзделген.ШҚО ПД баспасөз қызметі

Сурет: ШҚО ПД баспасөз қызметі

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды