Алматыда карантин шаралары күшейтілді

Сурет: Zakon.kz
Алматының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қаладағы карантинге қатысты жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz

Спорттық-сауықтыру орталықтарына, моншаларға, сауналарға, бассейндерге кіру – тек "жасыл" мәртебесі барларға, сондай-ақ коронавирус инфекциясына қарсы вакциналауға тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарға рұқсат етіледі.

Тіршілікті қамтамасыз ету және коммуналдық шаруашылық объектілерін қоспағанда, СОVID-19-ға қарсы қызметкерлерге вакцина және ревакциналау жүргізілгеніне қарамастан, мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың әкімшілік персоналының, барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың кеңсе қызметкерлерінің кемінде 70%-ы қашықтықтан жұмыс істеу тәсіліне көшіріледі.

2022 жылдың 24 қаңтарынан бастап білім берудің келесі форматтары белгіленді:

- мектепке дейінгі ұйымдарда – ата-аналардың өтініштері бойынша штаттық форматта ("қызыл", "сары", "жасыл" аймақтарда);

- жалпы білім беретін мектептерде ("қызыл" аймақ):

Құжатта атап көрсетілгендей, оқыту меншік нысанына және ведомстволық бағыныштылығына қарамастан штаттық форматта өтетін болады:

Білім беру ұйымдары әкімшілігінің қалауы бойынша вакциналаудың толық курсынан өткен оқушыларды штаттық форматта оқытуға жол беріледі.

Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қаулының толық мәтінімен мына арадан танысуға болады.

Алматы
ВАК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды