Жекеменшік балабақшалар қызметінің сапасы жақсарады – вице-министр

Сурет: pixabay
Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ҚР Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың қатысуымен өтіп жатқан алқа отырысында бірінші вице-министр баяндама жасап, мектепке дейінгі білім беру саласында атқарылатын істерге тоқталып өтті.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының, әсіресе жекеменшік балабақшалар қызметінің сапасы жақсарады. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына өзгерістер енгіземіз, оның ішінде білікті педагогтермен қамтамасыз етіп, қауіпсіз және қолайлы жағдай жасау үшін, мемлекеттік тапсырыс қаражатын мақсатты жұмсау және қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында талаптарды күшейтеміз.ҚР Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова

Сонымен қатар Шолпан Каринова мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы орындарды бөлудің ашықтығын, қаржының дұрыс жұмсалуын және кезектің қайталанбауын қамтамасыз ету үшін балабақшаларға кезекке тұрудың бірыңғай базасын құрылатынын мәлімдеді.

Сондай-ақ балабақшаларға кезекке тұрудың бірыңғай базасын құру жоспарланған. Ол мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы орындарды бөлудің ашықтығын, қаржының дұрыс жұмсалуын және кезектің қайталанбауын қамтамасыз етеді.ҚР Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова
Қазақстан
Аймағамбетов Асхат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды