Алматыда №3 оқушылар үйінің бас бухгалтері сотталды

Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық департаменті Алматы қаласы білім басқармасының "№3 оқушылар үйі" МКҚК бас бухгалтері Е.Л.Офицероваға қатысты аса ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz
Тергеу барысында бас бухгалтер 2013-2020 жылдар аралығында өзінің карточкалық есепшотына жалпы сомасы 50 млн теңгеден астам бюджет қаражатының жалған жалақысын заңсыз аударғаны, сол арқылы мемлекеттік мекемеге аса ірі мөлшерде материалдық залал келтіргені анықталды.ҚМА Баспасөз қызметі

Сот үкімімен экс-бас бухгалтер ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша 10 жыл мерзімге материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, кінәлі деп танылды.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды