14 ақпаннан бастап барлық сынып оқушылары офлайн оқуға көшеді

Сурет: Zakon.kz
Білім және ғылым министрлігі ақпаратты растады, деп хабарлайды Zakon.kz
Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында мектептерді толыққанды офлайн оқыту форматына көшіру мәселесі қаралды. Нәтижесінде 2022 жылдың 14 ақпанынан бастап барлық сынып оқушылары дәстүрлі оқыту форматына көшеді.Білім және ғылым министрлігі

Еске сала кетейік, Премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжанов келесі аптада оқушыларды офлайн оқытуға көшіру жоспарланып отырғанын айтқан еді.

Ералы Тоғжанов эпидемиологиялық жағдай бірте-бірте тұрақталып келе жатқанын айтты.

Коронавирус көрсеткіші тәулігіне 16 мыңнан 2 мыңға дейін төмендеді. Мұндай нәтиже билікке карантин шектеулерін жұмсартуға мүмкіндік берді.Ералы Тоғжанов

Айта кетейік, өткен өңіраралық комиссия отырысының қорытындысы бойынша 2022 жылдың 24 қаңтарынан бастап 600-ге дейін оқушысы бар мектептер толыққанды офлайн оқытуға көшті.

600-ден астам оқушысы бар мектептерде офлайн оқыту негізінен 50%-дан аспайтын сыйымдылықпен 1-4 сынып оқушылары үшін жүзеге асты.

Алматы
Қазақстан
Аймағамбетов Асхат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды