Таразда соңғы аптада 15 қару мен мыңға жуық патрон табылды

Сурет: ҚР ІІМ
Тараз қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері Ұлттық ұлан әскери жасақ қызметкерлерімен бірлесіп, қала аумағында жоғалған атыс-қаруларын іздестіру жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды Zakon.kz

Polisia.kz мәліметінше, полиция қызметкерлері қаланың барлық қараусыз қалған нысандарын, мөлтек аудандардың жертөлелерін мен шатырларын тексеруде.

Қылмыскерлер ұрланған қаруды тіпті қала аумағындағы зираттарға жасырып қойған.

Қызметтік иттер де іздеу жұмыстарына қосылған. Иіс сезгіш иттер полиция қызметкерлеріне қару мен оқ-дәрілерді тезірек табуға көмектеседі.

Іздестіру шаралары барысында бір аптаның ішінде барлығы 15 қару табылған.

Атап айтқанда, үш бірлік Калашников автоматы, алты бірлік аңшы мылтығы, үш Макаров тапаншасы, үш травматикалық тапанша және әртүрлі калибрдегі 1000-ға жуық патрондар табылған. Анықталғандай қару-жарақтардың барлығы сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды