Бейжің-2022: 10 ақпандағы қазақстандық шаңғышы әйелдердің нәтижесі

Сурет: olympic.kz
Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында шаңғымен 10 шақырымға классикалық әдіспен жарысудан әйелдер арасындағы дода аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz

ҚР Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл бәсекеге Қазақстан атынан Валерия Тюленева, Ксения Шалыгина, Ангелина Шурыга және Надежда Степашкина қатысқан болатын. 

Жарыс нәтижесі бойынша Ангелина Шурыга 52-ші, Ксения Шалыгина 53-ші, Надежда Степашкина 57-ші, Валерия Тюленева 59-шы орын алды. 

Олимпиада чемпионы атағын норвегиялық Тереза Йохауг иеленді. Күміс жүлдені Керту Нискассен (Финляндия), қоланы Криста Пармакоски (Финляндия) иеленген. 

Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды