Атырау облысында егде жастағы малшы жоғалып кетті

Сурет: Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ер адам екі аптадан астам уақыт бойы байланысқа шықпаған. Жылыой ауданында ер адамның жоғалғаны туралы хабарлама құтқарушыларға 12 ақпанда келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz
66 жастағы малшы 27 қаңтарда Сарықасқа учаскесінен Құлсары қаласына қарай шығып, осы уақытқа дейін іс-түзсіз жоқ. Іздеу жұмыстары Үлкен төбе, Сарықасқа және Бекжал елді мекендері бойынша жүргізілді, деп хабарлайды Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі.

"Мой город" порталының мәліметінше, ер адамды іздеуге Атырау облысы ТЖД-ның үш қызметкері мен бір техникасы, аудандық полиция бөлімінің төрт қызметкері және бір жергілікті тұрғыны жұмылдырылды.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды