Қазақстандық әуе компаниялар Украина аумағы арқылы ұшуға тыйым салынатынын ескертті

Сурет: Zakon.kz
Қазақстандық әуе компанияларына Украина әуе кеңістігінде ұшуға тыйым салу туралы бұйрық берілді, деп хабарлайды Zakon.kz

Украина аумағында азаматтық авиацияға төнуі мүмкін қауіптің жоғары деңгейіне байланысты аумақта ұшуға тыйым салу туралы мәліметті НОТАМ жариялады.

Днепр, Львов, Симферополь, Одесса, Киев және әскери іс-қимылдармен байланысты басқа да аймақтарда ұшуға тыйым салынуына байланысты отандық компанияларының барлығына Украинаға және бұл елдің үстімен ұшуға тыйым салынады.ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі тұрақты, жүк және чартерлік әуе тасымалдарын орындайтын отандық әуе компанияларына жағдай тұрақталғанға дейін Украина аумағына және оның әуе кеңістігінің үстінен азаматтық әуе кемелердің ұшуларына тыйым салу туралы тиісті нұсқаулар жіберді.

Қазақстан
Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды