Орталық Азия елдерінің СІМ басшылары АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысымен кездесті

Сурет: gov.kz
«С5+1» жоғары деңгейдегі кездесуде өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Америкалық тараптың бастамасы бойынша Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Руслан Казакбаев, Тәжікстанның Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддин, Өзбекстанның Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов және АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің қатысуымен С5+1 форматында жоғары деңгейдегі онлайн кездесуі өтті.

Қатысушылар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, соның ішінде Украинадағы жағдайды және оның Орталық Азия өңіріне ықпалын талқылады.

Сурет: gov.kz

С5+1 форматы Орталық Азияның бес мемлекеті мен АҚШ арасындағы өзара іс-қимылдың көпжақты тетігі.

Келесі министрлік кездесу биыл Қазақстан астанасында Орталық Азия сыртқы саяси ведомстволарының басшылары мен АҚШ Мемлекеттік хатшысының қатысуымен өтеді деп күтілуде.

Қазақстан
АҚШ
Тілеуберді Мұхтар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды