IT-байқаудың жеңімпаздары 3,5 миллион теңге ұтып алды

Сурет: Асхат Аймағамбетовтың telegram каналы
Нұр-Сұлтанда Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен колледждер мен университет студенттері арасында «BILIM Hackathon-2022» IT-байқауы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарысқа қатысуға еліміздің барлық өңірінен 107 команда өтініш берді. 230 студенттен құралған 72 команда финалға жолдама алды. Қатысушылар білім беру саласында өте қызық цифрлық жобаларды ұсынды.

Жүлде қоры – 3,5 миллион теңге. Жеңімпаз студенттер ақшалай сыйлықтармен қоса, Daryn online, BTS Education, EDUS және Mail.kz және басқа да қазақстандық IT-компанияларда жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар кейбір цифрлық шешімдер өз инвесторларын тауып үлгерді.

Қазылар алқасының шешімімен Nazarbayev University және Astana IT University студенттері жеңімпаз атанды. Екінші орынды Назарбаев университетінің тағы бір командасы жеңіп алды. Үшінші орын Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің, Suleyman Demirel University және Astana IT University студенттерінен құралған командасына бұйырды.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймын! Барлық қатысушыға қызық идеялары үшін алғысымды білдіремін.Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов
Қазақстан
Аймағамбетов Асхат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды