Дәрігер Екібастұздағы ірі жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты

Сурет: Zakon.kz
Жол апатынан үш адам жарақат алды, оның екеуі - бала. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, оқиға орнынан 15 жасар қыз бен 10 жасар баланы Екібастұз қалалық ауруханасына алып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екеуінен де жабық ми жарақаты, мидың шайқаулы, көгерулер тіркелді. 

Олар балалар хирургиялық бөлімінде ем алып жатыр. Балалардың жағдайы тұрақты, ауырлығы - орташа, - деді дәрігерлер pavlodarnews.kz-ке.

Жол апатынан зардап шеккен үшінші адам травматология бөліміне жатқызылды. Сондай-ақ, оған мидың жабық жарақаты, мидың шайқалуы және бірнеше жерден сыну диагнозы қойылған.

Айта кетсек, жол апаты 14 мамырда Екібастұзда орын алды. 48 жастағы «Лада-21074» жүргізушісі жол бермей, «Kia Rio» көлігімен соқтығысты.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды