Нұр-Сұлтанда LRT бағандарын ешкім сүріп жатқан жоқ - құзырлы мекеме

Сурет: Zakon.kz
Нұр-Сұлтан қаласында құрылысы аяқсыз қалған LRT бағандарын сүріп жатыр деген ақпарат - жалған. Бұл туралы City Transportation Systems компаниясының ресми өкілі мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Бүгін әлеуметтік желіде «LRT конструкцияларын сүріп жатыр-мыс» деген видео кеңінен тарап кетті. Осыған орай таралған видеоның өткен жылы түсірілгенін ресми түрде хабарлаймыз. Бұл бейнежазбада қытайлық консорциум жалдаған техника жұмыс істеп жатыр. Ол құрылысқа қажет бөренелерге арналған технологиялық негізді (алаңды) талдау үшін жалданған. Елордада LRT құрылысын монтаждау бойынша ешқандай жұмыс жүріп жатқан жоқ», - деп жазды аталған компанияның қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі Науат Азанбаева Facebook-тегі парақшасында.

Айта кетсек, 2021 жылы мамыр айында аталған жобаға бөлінген 6 млрд теңгеге жуық қаржыны талан-таражға салды деген айып тағылған бірнеше азамат 7-10 жылға сотталған болатын.

Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды