Әнші Қуандық Рахым әке атанды

Сурет: Instagram/rakhym_kuandyk.kz
Қуандық Рахым балалы болғанын өзінің Instagram-дағы парақшасында хабарлады. Қазір әнші гастрольдік сапармен Солтүстік Қазақстанда жүр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Баламды көрмей тұрып, сіздерді көруге келдім, Көкшетау, Петропавл, Қостанай, – деп жазды әнші.

Қуандық Рахымды достары мен жанкүйерлері әке болғанымен құттықтап жатыр.

Айта кетейік, Қуандық күні кеше Көкшетау қаласында ән кешін өткізген. Ол 23 мамырда Петропавлда өнер көрсетсе, 24 мамырда Қостанайда ән кешін өткізеді. Ал 30-ы күні әнші Павлодардық жанкүйерлерімен қауышпақ.

Сонымен қатар әнші жақында аяқталған Маска телешоуында екінші орын алған еді. Ол бірнеше ай бойы жарғанат болып ән айтып, бағдарламаның сүйікті кейіпкері болды.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды