Аймағамбетов мектеп директорларын шар ұшыру дәстүріне назар аудартты

Сурет: Zakon.kz
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов білім ордалары басшылығына соңғы қоңырау кезіндегі салтанатты шарада орындалатын кейбір дәстүрден бас тарту қажеттігіне назар аудартты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мектептерде оқу жылы аяқталып жатыр, енді «Соңғы қоңырау» салтанатты іс-шарасы өтеді, сондай-ақ алда аттестаттар табыстау рәсімі бар. Біз осы іс-шараларды өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдар қабылдап, білім басқармаларына жібердік, - деді Білім министрі.

Министр кейбір мектептерде әуеге шар ұшыру дәстүрі бар екенін еске алды.

Бұл қоршаған ортаға, экологияға зиян келтіретінін түсіну керек. Балалар бұл туралы білуі керек, оны оқушыларға айтып, түсіндіру маңызды. Білім беру ұйымдары басшыларының назарын осы мәселе аударамын, - деді Аймағамбетов.
Аймағамбетов Асхат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды