Арыстанбек Мұхамедиұлы ұрланған 146 миллион теңге ісі бойынша қамауға алынды

Сурет: ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі
Нұр-Сұлтан қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Ұлттық музейінің лауазымды тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын жымқыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

2022 жылғы 28 мамырда соттың санкциясымен Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалды.

Нұр-Cұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің лауазымды адамдарына және басқа да тұлғаларға бюджет қаражатын жымқыру белгілері бойынша 146 миллион теңге сомасында сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізеді. Антикор

Тергеу жалғасуда.

Тергеу мүддесіне сай басқа ақпараттар жария етуге жатпайды.

Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды