Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары пара алғаны үшін сотталды

Сурет: gov.kz
6 маусымда Екібастұз қалалық соты Екібастұз әкімінің орынбасары Бауыржан Ахметовке және оның қарамағындағы ТКШ бөлімі басшысының орынбасары А.Садықов пен сол бөлімнің бас маманы К. Түсіпбековке қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олар мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара алды деп айыпталды.

Сот үкімімен Бауыржан Ахметовке 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, Түсіпбеков пен Садықов тиісінше 7 және 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Екібастұз қаласының әкімі А.А. Қаңтарбаевтың тікелей басшы ретіндегі жауапкершілігі туралы мәселе «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 60-бабының 2-тармағына сәйкес айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен кейін қаралатын болады. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды