Алматы облысында қыз баланы ит талады

Сурет: pixabay
Талғар ауданындағы Тұздыбастау ауылында ит кішкентай қызды талап тастады. Алабай баланың бетін, арқасы мен жамбасын қапқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Иесі итін бос тастап кеткен. Қызды иттен әрең арашалап алды, деп жазды Talgarnews.

Бала ит талардың алдында аулада ойнап жүрген. Итке таланған қыз шошып қалған.

Туыстарының айтуынша, алабай баланың бетін, арқасын және жамбасын қауып алған. Қыздың бетіндегі жараларды тігуге тура келді. Денесінде де жаралар бар.

Ит иесі зардап шеккен баланың еміне деп 30 мың теңге берген. Алайда ата-анасы қабаған иттің иесінің немқұрайлылығы үшін жазаны күшейтуді және пластикалық операцияға ақша тауып беруін талап етті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды