Қостанайлық полицейлер 46 келі есірткіні жойды

Сурет: polisia.kz
Қостанай облысының полиция департаментінің аумағында есірткіні жою шарасы өтті. Пеште қылмыстық істің айғағы ретінде пайдаланылған 46 келі есірткі заты өртелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өткен жылдың қараша айында қостанайлық есірткімен күресушілер заңсыз айналымнан 200 келіден астам марихуананы тәркіледі.

Олар аймақта есірткі таратып жүрген сегіз адамнан тұратын қылмыстық топты құрықтады. Қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Сурет: polisia.kz

Есірткі заттарын жою акциясы Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған іс-шаралар аясында өткізілді.

Қостанай
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды