Мемлекетке 500 млн теңгеге жуық көлемде зиян келтірген қылмыстық топ әшкереленді

Сурет: Zakon.kz
ҚМА елордалық департаменті 2020-2021 жылдар аралығында көлеңкелі экономика саласында ауыр қылмыстар жасаған бір топ тұлғаны анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Азамат Хан В.В. басқарған қылмыстық топ клиенттерін бюджетке салық төлеуден босату мақсатында бақылаудағы 7 заңды тұлғаның контрагенттеріне жалған шот-фактуралар жазып берген. Олар осы әрекеттерімен мемлекетке 490 миллион теңгеден астам сомаға аса ірі көлемде зиян келтірді.

Ведомствоның мәлімдеуінше, сот басты айыпталушы Хан Виталий Васильевичті 4 жылға бас бостандығынан айыруға, ал заңсыз ақша жинаумен айналысқан екі адамды шартты түрде бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Үш айыпталушыға да ұзақ мерзімге коммерциялық ұйымдарда басшылық қызметтерді, оның ішінде шот-фактураларды беруге байланысты лауазымдарды атқаруға тыйым салынды. ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Төленбеген салықтар камералдық бақылау және салықтық тексеру аясында барлық контрагенттен өндіріледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды