Мемлекет басшысы Yildirim Holding компаниялар тобының президентін қабылдады

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Yildirim Holding компаниялар тобының президенті әрі бас директоры Роберт Юксель Йылдырымды қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесуде химия өнеркәсібі саласындағы бірлескен бірқатар инвестициялық жобаны Қазақстанда жүзеге асыру перспективалары талқыланды.

Роберт Юксель Йылдырым Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жамбыл облысы Сарысу ауданындағы кальций қосылған сода шығаратын зауыт құрылысының барысы туралы мәлімет берді. Жобаның құны – 400 миллион доллар, – Ақорданың ресми сайты таратқан ақпаратта.

 

Сонымен қатар түрік кәсіпкері Мемлекет басшысына Ақтөбе облысындағы «Восход» кен орнында хром концентратын өндіруге және өнім шығаруға қатысты инвестициялық жобаның жүзеге асырылуы және еліміздің бірқатар өңірінде қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі «Қазгеология» акционерлік қоғамымен бірлескен жұмыстары туралы айтты.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Түркиямен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту маңызды екенін атап өтіп, компанияның еліміздегі инвестициялық жұмыстарын қолдайтынын жеткізді.

Қазақстан
Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды