Ауыр атлет Ерасыл Сәулебеков жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

Сурет: iwf.sport
Қазақстандық жас зілтемірші Ерасыл Сәулебеков осы күндері Мексикада өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. 67 келіге дейінгі салмақта оған тең келер ешкім болмады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл салмақта әлем чемпионы атағын тоғыз спортшы сарапқа салды. Бірінші жаттығуда жұлқа көтеруде Ерасыл Сәулебеков бір шешуші әрекетімен (123 келі) күшімен, жеңіске деген жігерімен қарсыластарын тәнті етті.

Серпе көтеруде де қазақстандық зілтемірші 158 келіні көтеріп, бірінші орын алды.

Нәтижесінде Ерасыл Сәулебеков 281 келі салмақпен жастар арасында әлем чемпионы атанса, Алааддин Саин (Түркия) күміс жүлдеге (278 келі), Поле Бартош Бурски (269 келі) қола медальға қол жеткізді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды