Ұлттық банк алаяқтардың белсенді әрекетке көшкенін ескертеді

Сурет: Zakon.kz
ҚР Ұлттық банкі өздерін инвестициялық компания ретінде көрсетіп жүрген алаяқ топтардың белсенді әрекетке көшкенін ескертеді. Қаскөйлер мобильді қосымшалар, сайттар мен жарнамалық роликтер жасауға бейімделіп алған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Олардың мазмұны жеке тұлғалардың қаражатын басқаруға тарту секілді бағдарламаларды сипаттайды және оны екінші деңгейлі банктермен, ҚҰБ-пен немесе басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп әзірленген деп көрсетеді. Мұндай жарнамалар – фейк. ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметі

Анықталған алаяқтық пиғылдағы ресурстар мен телефон қосымшалары Қазақстанның «мемлекеттік қорынан», «Ұлттық ресурстардан» немесе қаржы нарығын динамикалық болжаудан тез пайда табуды ұсынады, алайда, мұндай мүмкіндіктер тек төлем жасаған қолданушыға ғана беріледі.

Сондай сайттарға өтініш қалдырған интернет-қолданушылар ақшасынан айырылатындай тәуекелге барады: алаяқтар алдымен оның жеке деректерін қолға түсіреді, сөйтіп телефон арқылы хабарласып, ақшаны өз реквизиттеріне аудартып алуға әрекет етеді.

Әрі қарай, ақша аударылғаннан кейін оны кері қайтару процедурасы ұзақ та күрделі болуы мүмкін. Сөйте тұра салынған қаражатты кері қайтару үшін қосымша ақша салуға қолданушыны тағы мәжбүрлеуі ықтимал.

Алаяқтарды қалай анықтауға болады:

Ұлттық банк жеке тұлғалардың шоттарына қызмет көрсетпейтінін, ақшалай есеп айырысулар мен мәмілелер жасамайтынын, мемлекеттік қорларда табыс табу үшін қандай да бір платформалар әзірлеуге қатыспайтынын еске саламыз. Іс жүзінде активтерді инвестициялық басқаруға лицензиясы бар ұйымдардың тізімі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми сайтында жарияланған. ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметі
Қазақстан
ҚР Ұлттық Банкі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды