Доллар 22 қаңтардағы саудада тағы құлдырады

Доллар, доллары, курс доллара, американские доллары, доллары США, обмен валют , сурет - Zakon.kz жаңалық 22.01.2026 15:53 Фото: unsplash
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2026 жылғы 22 қаңтарда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндік сауда қорытындыланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда нәтижесі бойынша доллардың орташа салмақталған бағамы 505,71 теңге болып, тағы да 0,94 теңгеге төмендеді.

Ресей рублі 6,65 теңгеге (+0,15) көтерілді.

Қытай юанінің күндік саудадағы бағамы 72,62 теңге (-0,21) болды.

Айырбастау пункттерінде доллар 505,5–507,8 теңге аралығында сатып алынады/сатылады, еуро – 590,6–595 теңге, рубль – 6,50–6,63 теңге.

Әлемдік мұнай бағасы 22 қаңтардағы саудада әртүрлі бағытта өзгерді.

Лондонда орналасқан ICE (InterContinental Exchange Futures) биржасында Brent маркалы мұнай баррелі 0,5 долларға арзандап, 65,19 долларға жетті.

Нью-Йорктың NYMEX (New York Mercantile Exchange) биржасында Light маркалы мұнай баррелі 0,01 долларға қымбаттап, 60,63 долларға бағаланды.

Таңертең Ұлттық банк доллардың бағамын 506,7 теңге, еуроны – 593,14 теңге, рубльді – 6,53 теңге деп бекітті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: