29 қаңтардағы саудада доллар арзандады
Фото: freepik
Сауда нәтижесі бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 503,17 теңгені құрап, 0,77 теңгеге төмендеді.
Ресей рублінің бағамы да арзандап, 6,58 теңге болды (-0,02). Ал Қытай юанінің күндізгі саудадағы бағамы 72,54 теңгені көрсетіп, 0,12 теңгеге төмендеді.
Айырбастау пункттерінде доллар 502,5–504,5 теңге аралығында сатып алынып, сатылуда. Еуро бағамы 600,8–605,4 теңге, рубль 6,49–6,61 теңге аралығында.
29 қаңтардағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы да өсті. Brent маркалы мұнайдың сәуір айындағы фьючерсі 2,41%-ға қымбаттап, барреліне 70,05 долларды құрады. Ал WTI маркалы мұнайдың наурыз айындағы фьючерсі 2,61%-ға өсіп, барреліне 64,86 долларға жетті.
Айта кетейік, таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 503,9 теңге, еуроны 603,32 теңге, рубльді 6,61 теңге деңгейінде белгілеген еді.