Шығын – 5 млн 800 мың: әйелімен жанжалдасқан ер адам медициналық құрылғыны қиратты

Сурет: Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
30 жастағы ер адам емханада жанжал шығарып, қымбат медициналық құрылғыны бүлдірді. Оқиға Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылында болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ер адам мас күйінде емханада жұмыс істейтін әйеліне келіп, ашу үстінде дәрігерлер кабинеттерінің бірінде тұрған медициналық құрылғыны сындырып тастады. Келтірілген шығын көлемі 5 млн 800 мың теңге болды.

Полиция қызметкерлері қылмыскерді ұстады. ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабының 1-бөлігі «Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды