Ақмола облысында 20 млн теңгенің контрабандалық өнімін өткізбек болғандар ұсталды

Сурет: pexels
ҚМА Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті заңсыз кәсіпкерлік фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство таратқан ақпарат бойынша, «Газель» маркалы автокөлікті тексеру барысында акциздік таңбалары жоқ 34 500 дана темекі өнімі табылып, тәркіленді.

Темекі өнімдері көлікке Нұр-Сұлтан қаласындағы «Әмір» әмбебап базарының аумағында тиеліп, Көкшетау қаласына жөнелтілген.ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараты бойынша 34 500 дана темекінің құны 20 355 000 теңге болады.

ҚР КПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне қатысты өзге мәліметтер жария етілмейді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды