ҚР Қаржы министрлігі 500 мың теңге төлем туралы ақпаратты фейк деп атады

Сурет: gov.kz
ҚР Қаржы министрлігі желіде ел азаматтарына 500 000 теңге төлейтін жобаға қатысуы туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Желіде Қазақстан Республикасы азаматтарына 500 000 теңге төлейтін жобаға қатысуы туралы ақпарат таратылды.

Жазбаға Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың суреті қоса берілген.

ҚР Қаржы министрлігіне бұл ақпараттың өздеріне, сондай-ақ Ерұлан Жамаубаевқа түк қатысы жоқ екенін хабарлап, оны жоққа шығарды.

Бұл алаяқтар жасаған жалған ақпарат. Жұртшылықтан жалған ақпарат таратпауды және тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз.​​​​​ ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды