Өскеменде 4,3 миллион теңгені жымқырды деген күдікпен есепші ұсталды

Сурет: pixabay
Криминалдық полиция қызметкерлері 31 жастағы күдіктіні ұстады. Жауап алу кезінде әйел кінәсін мойындамады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің бірінің филиал меңгерушісі полицияға жүгініп, бұрынғы есепшісі қызметтік жағдайын пайдаланып, ақша жымқырғанын хабарлаған.

Бұрынғы есепшінің кесірінен ЖШС 4,3 миллион теңгеден астам шығынға ұшырапты.

Криминалдық полиция қызметкерлері 31 жастағы күдіктіні ұстады. Жауап алу кезінде әйел өз кінәсін мойындамады. Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 2-бөлігі – «Басқаның сеніп тапсырылған мүлкін иемдену» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. ШҚО ПД баспасөз қызметі
Өскемен
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды