Қазақстан мұнайы КҚК арқылы әдеттегідей экспортталып жатыр – Энергетика министрлігі

Сурет: Facebook/cpcpipe
ҚР Энергетика министрлігі қазіргі уақытта «КҚК-Р» АҚ құбыр жүйесі арқылы қазақстандық мұнайды экспорттау тұрақты режимде іске асырылып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін Новороссийск қаласы Приморск аудандық соты судьясының 2022 жылғы 5 шілдедегі қаулысымен «КҚК-Р» АҚ қызметін 30 тәулікке әкімшілік тоқтата тұру түріндегі жаза тағайындалды

Өндірістік процестің үздіксіз циклын ескере отырып, «ҚҚК-Р» АҚ судья қаулысының орындалуын тоқтата тұру туралы өтінішхатпен сотқа жүгінді.

Консорциум Ространснадзордың ұйғарымында көрсетілген құжаттық бұзушылықтарды жою үшін Ресей Федерациясының тиісті мемлекеттік органдарымен және ведомстволарымен қазірдің өзінде жұмыс істеп жатыр. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстан
Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды