Алматыда арзан бағаға пәтер «сатумен» айналысқан алаяқтар ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Алматы полициясы 55 жастағы күдікті мен оның 40 жастағы серігін ұстады. Олар қала тұрғындарын алдап келген. Полицияға бірнеше жәбірленуші шағым түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алаяқтар ипотекада тұрған пәтерді арзандатылған бағамен шұғыл сататыны туралы хабарлама таратқан. Жылжымайтын мүлікті арзан бағамен сатып алғысы келетіндер саны аз болмаған.

Ал алаяқтар пәтерді «сатқаннан» кейін ақшасын алып, байланыссыз кеткен.

Қазіргі уақытта полиция басқармасына 7 жәбірленушінің арызы түсті. Аса ірі көлемдегі алаяқтық дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 1-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев

Қазір қосымша тергеу амалдары жүріп жатыр.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды